Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

#Жақсылық жаса: Мектеп түлектері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

2019 жылдың 23 мамыр 2019 03:23

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мектеп түлектері мұқтаж отбасыларға қолұшын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ширмединұлының мәлім еткеніндей, Қадыр Мырзалиев атындағы 11-сынып оқушылары аудан орталығы Жымпиты ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасына бір айлық азық-түлік алып берді.

Олар осылайша мектеп бітіру кешіне жоспарланған қаржының едәуір бөлігін қайырымдылық мақсатына жұмсады.




nullСонымен қатар, оқушылар көмекке мұқтаж қариялардың қонысына барып, олардың үйлері мен аулаларын тазалауға да уақыт тапты.

Аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербол Дауыловтың айтуынша, қайырымдылық бастамасын түлектердің өздері көтерген. Олар қасиетті Рамазан айында тойдың мәзіріндей аста-төк дастархан жайып, ысырап жасағысы келмеді.

«Түлектердің ұсынысын мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті қолдады. Сынып жетекшілері Жансая Есенғалиева, Гүлдана Нұғманованың қолдауымен «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында жалдамалы пәтерде тұратын, мектеп жасындағы балалары бар отбасылар қамтылды. Түлектер кеші мектепте қарапайым түрде аталып өтілетін болады», - деді Е.Дауылов.

Жоғары қарай