Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Зерендіде жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды – Ақмола облысы

2019 жылдың 23 қазан 2019 14:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Зеренді ауданында жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылдың 21 қыркүйегінде Зеренді аудандық ПД кезекшілік бөліміне Ұялы аулының тұрғыны жүгініп, ауылдастарының жайылымда жүрген 7 жылқысының жоғалғанын айтқан.

«16 қазан күні жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер - Зеренді ауданы Қойсалған аулының 45 жастағы және Бурабай ауданы Қызыл Кардон ауылының 60 жастағы тұрғындары ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер қараусыз жайылып жүрген жылқыларды Зеренді ауданы аумағынан Бурабай ауданына айдап апарған. Кейін сол жақтағы ауылдарға сатқан» дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Жоғары қарай