Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

«Зерен-2019»: Танымал тұлғалар табысқа жетудің құпиясымен бөлісті

2019 жылдың 21 шілде 2019 02:34 329

НҰР-СҰЛТАН. ҚаАқпарат - «Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші кезеңіне Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінен жиналған 200 жас дарын қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Зеренді көінің жағасына келген 200 жас 9 күн бойы азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа салалары бойынша білімдерін жтілдірген. Сондай-ақ дәріспен бірге топ-топқа бөлініп, өз бизнес жобаларын жасаған.

Лагерьдің дәстүрі бойынша екінші кезең қатысушыларына да танымал тұлғалар спикер ретінде келіп, өз сәттіліктерінің құпиясымен бөліскен.

Атап айтсақ, Қазақстанның альпинистер құрамасының капитаны Мақсұт Жұмаев, кәсіпкер Тимур Хұдайбергенов, қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов жастарды батыл жобаларға ынталандырып, ашық сұхбат құрды. Екінші кезеңнің жабылу салтанатына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қатысып, жастар дайындаған жобалардың бәріне жоғары баға берген.

«Осында болып жатқанның бәрін көріп шын жүректен қуанып тұрмын. «Зерен-2019» лагері – бұл қазірдің өзінде өміріміздегі көптеген мәселелерді шешудің ерекше жолдарын ұсынатын жас ақылдардың квинтэссенциясы. Барлығыңыздың табысты кәсіпкер болып, өз идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызды және оларды Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге көрсетулеріңізді, әрі қолдануларыңызды тілеймін», - деді Фатима Надырқызы.

Екінші маусымда жеңімпаз атанған әр командаға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық сертификаты берілді.

Ал «бизнес-ангел» демеушілер тарапынан өзекті жоба ұсынған екі командаға 2 млн теңге табыс етілді.

«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагерінің үшінші кезеңі 23 – 31 шілде аралығында өтеді.

Еске салсақ, «Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші маусымы басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай