Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Заңсыз шеруге шыққандарға қандай шара қолданылды

2019 жылдың 10 шілде 2019 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 шілде, елорда күнінде заңсыз шеруге шыққан 22 адам қамауға алынды. Бұл туралы бүгін судьялардың кеңейтілген кеңесінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәріміз хабардармыз, соңғы уақытта рұқсат берілмеген шерулер көбейіп кетті. Ол - заңсыз. Ол жайында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің басшылығы күнделікті құлағымызға құйып жатыр. Естімеген адам жоқ, бәріміз жақсы білеміз, Ондай шеруге баруға, жанында болуға болмайтындығын айтып жатыр. Неге? Өйткені, ондай жерге барған адам оған қатысты деп есептелінеді. Оның барлығын күнде естіп жатырмыз»,- деді Жоғарғы сот төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ол 6 шілде күні болған заңсы шерулер жайында бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп білгенін айтты.

«Ішкі істер министрлігінің айтуынша, 100-ден астам ұсталды. Сол оқиға бойынша біздің соттарға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 40 іс түсті. Солар бойынша 22 адам қамауға алынды. Оның тек біреуі ғана 15 тәулікке, ал қалған 21-і бір тәуліктен 10 тәулікке дейін қамалды. Соттар осындай шешім қабылдады. Оның заңды не заңсыз еместігіне қатысты тағы да айтайын, оған түсініктеме беретін бір-ақ адам бар. Ол мен емес. Ол - сол шешімді қабылдаған судья», - деді Жақып Асанов.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, ҚР Жоғарғы соты,
Жоғары қарай