Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Заңсыз шеру: Еліміздің екі қаласында 57 адам ұсталды

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 14:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз ұйымдастырылған митингке шыққандар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Прокуратураның бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық үндеуіне еріп кетті. Олардың кейбірі құқық қорғау органдары қызметкерлеріне заңға қарсы әрекеттер жасап, өзге азаматтардың мазасын алып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады»,- деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін екі қалада 57 адам ұсталған. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Бас прокуратура 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты халыққа бірнеше мәрте үндеу тастаған болатын.








Жоғары қарай