Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 341.08
EUR 394.46
RUB 5.37
CNY 52.71

Заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 14 цех жұмысы тоқтатылды

2018 жылдың 14 маусым 2018 16:58 436

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ел аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығарып келген 14 цех жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ МКК Алдын алу жұмысы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерден Жұман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңсыз алкоголь өнімдері айналымы саласында да біраз қылмыс әшкереленді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5 айында заңсыз алкоголь өнімдерін әзірлеп келген 14 жасырын цехтың жолы кесілді. Олардан 2 млн 700 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары, 6 миллионнан астам шөлмек есепке алынбаған алкогольді өнім мен 30 мың тонна литр спирт алынды», - деді басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

Оның дерегінше, есепті кезеңде экономикалық саладағы ауыр қылмыстарды анықтау екі есеге артып, өтелген зия көлемі 77 пайызға жеткен.

«Анықталған 28,3 млрд теңге залалдың 12,8 млрд теңгесі өтелді. Сот санкциясымен 9 млрд теңге сомадағы мүлікке тыйым салынды», - деді Ерден Жұман.

Көрнекі фотосурет: gazeta.a42.ru

 

Жоғары қарай