Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Заңнамаға «лотерея таратушысы» ұғымы енгізіледі - заң жобасы

2019 жылдың 19 маусым 2019 10:40

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы лотереялар және лотерея қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған. Заң жобасында лотереялар және лотерея қызметі саласындағы құқықтық олқылықтардың орнын толтыру, сонымен қатар заңнамаға «лотерея таратушысы» ұғымын енгізу мен оның қызметінің құқықтық негіздерін анықтау көзделіп отыр», - деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған заң жобасы осы салада заңға қайшы әрекеттерден азаматтардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуді ұсынып отыр.

«Комитет бұл заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылдың 18 наурызына дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Н. Сабильянов.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Заң, Парламент,
Жоғары қарай