Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Юлия Путинцева WTA рейтингіндегі үздік отыздыққа жақындап қалды

2019 жылдың 14 қазан 2019 09:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы үштік өзгерген жоқ: аустралиялық Эшли Барти көш бастады, екінші орында – чехиялық Каролина Плишкова, үшінші орында жапон спортшысы Наоми Осака тұр.

Қазақстандық Юлия Путинцева 36-орыннан 34-орынға көтерілді, Елена Рыбакина 43-орында қалды, Зарина Дияс бір позицияға көтеріліп, қазіргі таңда 78-орында тұр.

Жұптық сайыста Галина Воскобоева 37-орыннан бір орынға орынға көтерілді, ал Анна Данилина 128-орында тұр (126-шы болған).

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай