Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

WBO барлық жекпе-жекті кейінге шегерді

2020 жылдың 26 наурыз 2020 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) коронавирус пандемиясына байланысты осы жылдың маусым айына дейін жоспарланған барлық турнирді өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы айқастарға байланысты маңызды мәлімдеме жасағымыз келеді. COVID-19 коронавирусы туындатқан әлемдегі қазіргі ахуалға байланысты WBO барлық шараны 2020 жылдың маусым айына дейін шегерді. Жаңалықтарды сіздерге хабарлап тұрамыз», - деп жазылған бокс ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап ВКонтактедегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында.

Айта кетсек бұған дейін украиналық боксшы Василий Ломаченко мен америкалық Теофимо Лопестің жекпе-жегінің кейінге шегерілгені жарияланған еді. Айқас 30 мамырда өтуі тиіс болған. Онда Ломаченкоға тиесілі WBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белдігі сарапқа салынбақ болды.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Коронавирус,
Жоғары қарай