Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

WBC чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

2019 жылдың 18 қазан 2019 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарло Геннадий Головкиннің Сергей Деревянченконы жеңуіне байланысты пікір айтып, GGG-мен жекпе-жекке шығуға ниет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кеткен жөн, 7 желтоқсанда Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында Чарло ирландиялық Деннис Хоганмен жұдырықтасатын болады.

«Мен GGG-дің соңғы жекпе-жегі жайлы не айта аламын? Жақсы айқас болды. Головкин – аңыз, ол керемет боксшы. Мен қуана-қуана онымен рингке шығар едім. Сондай-ақ ол үнемі шабуыл жасайтын боксшы. Стильдер жекпе-жекке арқау болады және оның стилі менікімен ұқсас. Бұл нағыз айқас болмақ. Біз онымен 12 раундтың барлығын өткізер едік деп ойлаймын, әрине ол шыдай алмаса, құлайды. Мен үздіктермен ғана жұдырықтасқым келеді. Мейлі, «Канело», Ковалев, Головкин немесе Джейкобс болсын», - деді Джермалл америкалық журналистермен әңгіме барысында.

Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай