Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

WADA Ресейді Олимпиададан төрт жылға шеттетті

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі атқарушы комитеті (WADA) комитеттің ұсынысына сәйкес бірауыздан шешім қабылдады. Енді алдағы төрт жылда Ресей Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатыса алмайтын болды. Сонымен қатар, үлкен халықаралық турнирлерді де өткізе алмайды, деп хабарлайды ВВС.

WADA ережесіне сәйкес, егер ұлттық антидопинг агенттігі статусынан айырылса, мемлекет халықаралық жарыстарды өткізу құқынан айырылады.

Ресейлік спортшылар өздерінің допинг қабылдамағанын дәлелдей алса, халықаралық жарыстарға бейтарап ту астында шығуға мүмкіндіктері бар.

Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі атқарушы комитетіне жіберілген құжаттарда 2012-2015 жылдар аралығындағы Ресей спортшыларының сынақтары туралы ақпараттар сақталған болатын, бұл кезеңге, мысалы, Сочиде өткен Олимпиада ойындары сәйкес келіп тұр. Мекемедегілер антидопингтік ережелерді сақтауға қатысты тексеруді соңына дейін жеткізу үшін ақпараттарды сұратқан еді. Егер базадан кейбір ресейліктердің допинг қабылдағаны туралы мәліметтер тапқанда – жалпы ел емес, белгілі бір спортшылар ғана жауапкершілікке тартылар еді.

WADA комитеті Ресейді допингке қатысты мәліметтерге манипуляция жасады деп айыптауда.

Базадан жүздеген допинг-тест туралы мәліметтер өшірілген. Кейбір нәтижелер 2015-2016 жылдары жойылған. Кейбір манипуляциялар өткен жылдың желтоқсан айы мен осы жылдың қаңтар айында орын алған. Бұл кезде зертханада сарапшылар жұмыс істеуі керек еді. Құжаттардың мерзімдері манипуляцияны білдірмес үшін өзгертілген. Кем дегенде 145 ресейліктің антидопинг ережелерін бұзғаны тексеру барысында әшкереленді.

Басты сөздер: Спорт, Ресей,
Жоғары қарай