Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

ВВС: Қазіргі заман - Жер тарихындағы ең қауіпті кезең

2019 жылдың 11 сәуір 2019 22:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ядролық соғыс, пандемия мен басқарылмайтын жасанды интеллект адамзат болашағы үшін біз ойлағаннан да қауіпті. Бұл туралы ВВС басылымы жазады.

«Халық адамзаттың өліміне алып келетін алапат апаттар туралы ойлаған кезде тек келетін шығын туралы ғана айтады. Екінші дүниежүзілік соғыста 50 миллион, бірінші дүниежүзілік соғыста 15 миллион, 2010 жылы Гаитидегі жер сілкінісінен 160 мың адам қаза тапты. Дегенмен, бұл сандар алапат апаттың ұзақмерзімді кесірін ескеріп тұрған жоқ. Әрине, ондайды құжатпен дәлелдеу мүмкін емес, бірақ ол да өте маңызды», деп жазады автор.

Оның пайымынша, адамзат қазіргі заманды Жер тарихындағы ең қауіпті кезеңге айналдырып жіберген.

«Үлкен апаттардың алдын ала отырып біз бүгін адамдардың өмірін сақтап қана қоймай, болашақ ұрпақты қорғаймыз. Дамыған ғылым, технология, ауыл шаруашылығы мен өндіріс көптеген түрді өлтіріп жатыр. Ал бүгінгі таңда техногенді апаттар қаупінің ядролық қару, жаһандық жылыну, экологиялық апат, басқарылмайтын жасанды интеллект секілді түрлері белгілі» деп жазады басылым.


null


null

«Біз өткенді өзгертуге қауқарсызбыз, дегенмен, қауіпті апаттардың алдын ала отырып адамзат өркениетін сақтап қала аламыз», - дейді автор.




null

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Ғылым,
Жоғары қарай