Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Волонтерлік жылын өткізуге дайындық басталды

2019 жылдың 25 маусым 2019 16:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2020 жылдағы еріктілер жылын өткізуге қызу дайындық жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Волонтерлікті дамыту аясында 2018-2020 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамыту бойынша жол картасы жүзеге асырылуда. Ұлттық волонтерлік желімен бірлесе биылғы сәуір айында qazvolunteer.kz онлайн-тұғырнама енгізілді. Бұл өз кезегінде еріктілердің қызметін үйлестіруге мүмкіндік беріп, олардың жобаларына ақпараттық қолдауды іске асырады», - деді министр халықпен есептік кездесуінде.

«Қазіргі кезде Мемлекет басшысы жариялаған алдағы жылдағы «Волонтерлік жылын» өткізуге белсенді дайындық жүруде», - деді Дәурен Абаев.



Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдірді.

Жоғары қарай