Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Волейболдан жазғы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды

2019 жылдың 18 маусым 2019 18:50

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда волейболдан ерлер мен әйелдер арасында ҚР V жазғы спартакиадасы ойындары мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт жылда бір рет өтетін айтулы додаға ерлер арасында Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары қатысып, бақ сынады.


null

БҚО құрамасы (бас бапкері Александр Стольников) қарсыластарының бәрін 3:0 есебімен тізе бүктіріп, чемпион атанды. Солтүстікқазақстандықтар екінші, Алматы облысы үшінші орынға көтерілді.

Түркістаннан келген жарыстың бас қазысы, халықаралық дәрежедегі төреші Мамаш Омаровтың айтуынша, батысқазақстандықтар барлығынан бір бас жоғары тұрды. Олар бір партияны да берген жоқ.

«Бұдан оншақты жыл бұрын Оралда волейбол жақсы дамыды. «Конденсат» ұлттық лигада өнер көрсетті. Осы спартакиададан кейін волейбол Батыс Қазақстанда қайта жанданады деп сенеміз», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Омаров.

Бұдан екі жыл бұрын Қазақстанның намысын қорғап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, либеро ойыншы Қайрат Байбековтің мәлім еткеніндей, Батыс Қазақстанның намысын қорғау үшін қазіргі кезде жан-жақта жүрген волейболшылар жиналды. Команда капитаны Виталий Вориводин, Антон Кузнецов, Владимир Прокофьев, Денис Кучеров, либеро Мирлан Бадашев, жас байланыстырушы Азамат Раховтардың барлығы да жеңіске өз үлестерін қосты.


null

«Оралда ұлттық лигада ойнайтын команда жасақтау үшін демеуші жоқ деп естіп жатырмыз. Қаржы көзі табылса, басқа қалаларда жүрген волейболшыларымыз осында келер еді деп ойлаймын. Оған қоса бізден кейін де болашағынан үміт күттіретін жастар өсіп келе жатыр. Сергей Казак, Владимир Мазур секілді жаттықтырушылар біздің ізбасарларымызды дайындауда», деді Қайрат Байбеков.


null

Әйелдер арасында жазғы спартакиадаға барлығы сегіз команда қатысты.

Алтын жүлде үшін бәсекеде БҚО құрамасын 3:0 есебімен ұтқан Алматы қаласы командасы жеңімпаз атанды. Қарағандылықтар үшінші орынға ілікті.

Жоғары қарай