Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан командасы бесінші орын алды

2019 жылдың 25 тамыз 2019 13:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатында үздік бестікке енді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр. Қазақстан командасы бесінші орын үшін өткен матчта Тайпеймен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандықтар құрлық додасына бестікке еніп отыр. Сондай-ақ, біздің команда келесі жылы өтетін лицензиялық турнирге қатысу құқығын жеңіп алды.

Азия аймақтық іріктеу сынына қатысу үшін құрлық чемпионатындағы үздік алты команданың қатарында болу қажет.

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай