Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Волейбол: Қазақстан қыздары Олимпиада жолдамасына таласады

2019 жылдың 24 тамыз 2019 23:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстан қыздар командасы 2020 жылғы Токио Олимпиадасының жолдамасы үшін қаңтар айында лицензиялық турнирге қатысатын болды. Бұл жолдама Азия аймақтық іріктеу турнирінде сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күндері Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында волейболдан қыздар арасында Азия чемпионаты өткізілуде. Аталмыш дүбірлі додада біздің қыздар алдымен В тобында сынға түсіп Австралияны 3:0, Үндістанды 3:1 есебімен жеңіп, Жапонияға 0:3 есебімен жол берді. Құрамамыз жарыстың келесі сатысында F тобында Қытайдан 0:3 есебімен жеңіліп, Индонезияны дәл осы есеппен тізе бүктірді.

Қазақстан қыздары бүгін 5-8 орындар үшін сайыста Иран құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Енді олар 25 тамызда 5 орын үшін Тайвань құрамасымен сынға түседі.

Азия чемпионатында алғашқы алтылыққа енген құрамалар алдағы қаңтар айында Токио Олимпиадасына берілетін жолдама беретін лицензиялық турнирге қатысады.

Қазақстан қыздары соңғы рет Жазғы Олимпиадаға 2008 жылы қатысқан еді. Айта кетерлігі, лицензиялық турнирге қатысатын құрамалар арасында Жапония дүбірлі доданы өткізетін ел ретінде жолдамаға ие болса, Қытай қыздары құрлықаралық іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.


Перевод Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай