Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Вирус жұқтырған шымкенттікпен автобуста бірге келген 16 жолаушы іздестіріліп жатыр

2020 жылдың 25 наурыз 2020 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус жұқтырған шымкенттікпен бір автобуста болған 16 жолаушы іздестірілуде. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавируспен ауырған адам болған автобус анықталды. 51 жолаушының 35-і табылды. Олар карантинге жатқызылды. 16-сы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр. Таяу уақытта табылып, карантинге жатқызылады», -деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Шымкентте бір адамның коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған едік.

Кейіннен ол азаматтың коронавирусты анасына да жұқтырғаны белгілі болды.


Жоғары қарай