Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Вице-министр Шымкенттегі «Рухани жаңғыру» жұмыстарымен танысты

2019 жылдың 24 қазан 2019 17:33

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат –ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Шымкенттегі «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр алдымен қала имамдарымен кездесті.

«Шымкент қаласында 104 мешіт бар. 68 имамға ресми жалақы тағайындалған. Орталық мешітімізге 5 мың адам сыяды. Мұнда келушілерге толық жағдай жасалған. Коммуналды төлемдер жеке кәсіпкерлердің есебінен төленеді. Ай сайын діни мониторинг жүргізіп отырамыз», - деді ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев.

Бұдан кейін Данияр Есин бастаған топ Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» кеңсесін аралап көрді. Кеңсенің жетекшісі Зәуре Оралбаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған жұмыстар мен жаңалықтар барысын баяндады. Дәстүрді дәріптейтін «Дәстүрім - асыл қазынам», «Ұлттық киімдер» атты қос кітаптың жарық көргенін айтып өтті.

Сондай-ақ, өлкетануға, киелі жерлерге байланысты баспадан шыққан басқа да анықтамалықтар таныстырылды. «Қазақстанның Киелі жерлерінің географиясы» бейнеролигі көрсетілді.
















Жоғары қарай