Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 364.95
EUR 416.99
RUB 5.55
CNY 52.58

Вьетнамды елдің вице-президенті басқаратын болды

2018 жылдың 23 қыркүйек 2018 16:00 609

ХАНОЙ. ҚазАқпарат - Вьетнамның вице-президенті Данг Тхи Нгок Тхинь Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті лауазымын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі вьетнамдық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Куанг Данг Тхи Нгок Тхинь Ұлттық жиын (парламент) елдің жаңа басшысын тағайындағанға дейін Вьетнам Президентінің міндетін атқаратын болады. Бұл жөнінде 23 қыркүйек күні Ұлттық жиынның тұрақты комитеті мәлім етті.

Заң шығарушы органның төрағасы Нгуен Тхи Кимн Гнан қол қойған құжат Конституция, Ұлттық жиын ұйымы жөніндегі Заң және партияның орталық комитетінің мүшесін мемлекет Президенті лауазымын уақытша орындауға тағайындау жөніндегі Саяси бюроның шешімі негізінде қабылданды.

Бұған дейін хабарланғандай, Вьетнам Президенті Чан Дай Куанг ауыр науқастан қайтыс болды.

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай