Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Үшінші жекпе-жек үшін Головкин «Канелоның» бар талабымен келісуге мәжбүр

2020 жылдың 18 ақпан 2020 17:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Геннадий Головкин мен әлемдік бокс жұлдызы мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегін ұйымдастыру алдында тараптар арасында гонорарларды бөлуге қатысты көптеген келіспеушіліктер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sport.kz-ке сілтеме жасап.

IBA нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы кәсіпқойлар арасындағы әлемнің экс-чемпионы Марат Мәзімбаевтың «Канеломен» трилогияда қаржылық жағдайды сақтап қалу Головкинге қиынға түсетіні я түспейтіні туралы өз пікірін білдірген.

- Негізінде бәрі «Канелоның» қолында, сондықтан Гена бұл айқастың өтуі үшін оның талаптарына келісуге мәжбүр болады. Әрине, Головкиннің жеке мүдделері де бар, бірақ келісімге келу шартын Альварес ұсынатын болады. Ең бастысы – жекпе-жектің өтуі. Головкин келісімшарт бойынша өзіне бөлінген ақшаны алады. Менің ойымша, бұл – айтарлықтай сома, — деп сөзін түйіндеді сарапшы.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай