Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ұшақ апаты: Вице-министр полицей құтқарған сәбидің жағдайын біліп қайтты

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 22:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Нәдіров ұшақ апаты кезінде полицей құтқарып қалған 9 айлық сәбидің қал-жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз жаңа ғана балалар ауруханасындағы бүлдіршіндерге кіріп шықтық. Оның ішінде 9 айлық ұл бала да бар. Оның жағдайы бірқалыпты, жанында туыс-туғандары мен жақындары бар», - деді вице-министр.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтің сөзіне сенсек, бала ұшақта ата-анасымен бірге болған. Ол видеоларды түгел қарап шықпағанын, дегенмен барлық бала клиникалық балалар ауруханасында ем алып жатқанын айтты. Жағдайлары бірқалыпты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, кішкентай нәрестені құтқару туралы видео ұшақ апатынен кейін әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кейіннен оның 9 айлық Әділжан Ғатиат екені белгілі болды.

Бұл бала ми жарақатымен ауруханаға түскен. Іші, ішкі органдары соққы алған. Жағдайы бірқалыпты. Ал оның әкесі 27 жастағы Ғатиат Мақсұт Болатқанұлы бас жарақатымен шұғыл медициналық қызмет көрсету ауруханасына жатқызылды.

Анасы 27 жастағы Ғатиат Айсұлу Ерқанатқызы кіші жамбастағы ұршық буынының соққысы, бел омыртқасының жарақаты диагнозымен түсті.

Кейіннен полиция қызметкері Жақсылық Сұлтанов Алматы маңындағы ұшақ апатында кішкентай нәрестені қалай құтқарғанын айтып берді.


Жоғары қарай