Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Ұшақ апаты: Ауыл тұрғындары құтқарушыларға ыстық тамақ беруде

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 16:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан адамдарға ауыл тұрғындары ыстық тамақ беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Гүлдала ауыл тұрғындарының қазанға тамақ жасап, самауырынға шәй қайнатып жатқан видеосы пайда болды.

Олар ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқару қызметінің мамандарына ыстық тамақ ұйымдастырды.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.




Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.




Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.


Жоғары қарай