Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Ұрлықы гүлді сыйлаған: Жетісуда 59 жастағы ауыл тұрғыны гүл ұрлағаны үшін ұсталды

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 19:44

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында ауыл тұрғыны гүл ұрлағаны үшін жазықты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицейлер гүл ұрлады деген күдікпен Еңбекшіқазақ ауданының 59 жастағы тұрғынын ұстады. Ол биылғы маусым айында Есік қаласына жақын маңдағы саяжайлардың бірінен сәлдегүл ұрлағаны үшін айыпталып отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Саяжайында гүл өсірумен айналысатын 82 жастағы әйелдің бақшасынан 300 дана сәлдегүл ұрланды. Зейнеткерге келген шығын көлемі – 90 мың теңге. Ұрлық жасады деген күдікпен оның ауылдасы ұсталды» дәп мәлім етті облыстық полиция департаментінен.

Негізі, зардап шеккен әйел гүлдің басқа да түрлерін өсіреді. Кейін анықталғандай, күдікті басқа емес, сәлдегүлден 300 дана ұрлап, оның біразын сыйлап жіберген, ал қалғанын жергілікті базарға апарып сатқан.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай