Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«Үркер-2019»: «Жыл сұхбаты» аталымының жеңімпазы белгілі болды

2019 жылдың 28 маусым 2019 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауында «Жыл сұхбаты» аталымы бойынша жеңімпаздың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сұхбаты» аталымына төрт адам ақтық үміткер ретінде тіркелген болатын:

Лейла Тастанова - «Время»

Аманжол Қорғанбек - «Егемен Қазақстан»

Дина Имамбаева «Ана тілі»

Жанна Ойшыбаева, «Литер» газеті.

Солардың арасынан «Литер» газетінің тілшісі Жанна Ойшыбаева байқау лауреаты атанды.

Еске салсақ, «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауында «Жыл репортажы», «Жылдың аналитикалық материалы», «Жыл журналистік зерттеуі» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталған болатын.

Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауының қорытындысы биыл ресми бекітілген БАҚ қызметкерлері күніне дөп келіп отыр.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам, БАҚ,
Жоғары қарай