Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Үндістанда піл  бес адамды таптап өлтірді

2019 жылдың 30 қазан 2019 19:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысында Ассам штатында піл төрт ересек адам мен бір баланы таптап өлтірген. Бұл туралы сәрсенбі күні Hindustan Times газеті хабарлады.

«Бес адам қаза тапты. Олар жолда кездескеннің бәріне шабуылдаған пілдің құрбаны болған», - деп мәлімдеді округ басшысы.

Оның айтуынша, билік жануарды іздеп, оны ұйықтату үшін арнайы команда жіберген. Штаттың үкіметі шабуыл құрбандарының отбасына $5,6 мың көлемінде өтемақы бөлді.

2010 жылдан бері Ассам штатында 761 адам пілдердің шабуылынан мерт болған.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай