Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Үндістан студенттерінің Семейде алған дипломдары жарамсыз болып шықты

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 15:52

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Медицина университетін тәмамдаған шетелдік студенттердің дипломы өз елдеріне барған кезде жұмысқа орналасуға жарамсыз болып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.

«Семей Мемлекеттік медицина университетінде білім алып, отандарына оралған үндістандық жастар жұмысқа орналаса алмауда. Себебі, жоғары оқу орнын тәмамдаған 79 түлектің дипломдағы аты-жөндері дұрыс жазылмаған. Яғни, білдей бір университет қарапайым орфографиялық қателікке жол беріп отыр. Осыған қайран қалған аймақ басшысы Даниал Ахметов аталмыш университет ректоры Ерсін Жүнісовке сөгіс жариялады», - деп жазады Алтайньюс.

«Университет қызметкерлерінің жауапсыздығынан шетелдік жастар шарасыз күйге түсіп отыр. Енді олардың не істейтінін аңдып отырудың қажеті жоқ. Дереу іске көшіп, олқылықтың орнын толтырыңдар. Қажет болса, түлектерді қайта шақырып алып, дипломдарын түзетіп, қолдарына беріңдер», – деді Даниал Ахметов «Nur Otan» партиясы филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысында.


Жоғары қарай