Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Ұлытаудағы Jezkıik фестиваліне шетелдік музыканттар келді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 16:42

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сербия, Венгрия, Италия және Испания музыканттары Jezkıik музыка фестиваліне келді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын шара 24 тамыз күні Қарағанды облысының Ұлытау ауданында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте шетелдік қонақтар өз әсерлерімен бөлісті. Олар өз үміттері жайлы және көшпенділердің xалық музыкасымен танысқандары туралы айтып берді.
Музыканттардың айтуына қарағанда, Қазақстанға келуге олар өткен жылы Jezkıik 1-інші фестивалінде болған әріптестерінің әңгімелерінен соң ниет білдірген екен.

« Мен алғаш рет бұл фестиваль туралы мексикалық музыканттардан естідім. Олар бұл шара туралы өте жақсы пікір білдірді. Сонымен қатар, бұл фестиваль енді ғана қанат жайып келеді . Оғ ан қатысу арқылы өзіміз үшін жаңа нәрсе ашқымыз келді. Біздің топ 1991 жылдан бері гастрольдік сапарларға шығып келеді, көптеген елдерде болдық . Бірақ Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Бұл біз үшін өте қызықты тәжірибе», - дейді Испаниядан келген Мария Гуерреро Гитиеррез.
Қонақтар біздің еліміздің мәдениетімен және музыкалық дәстүрлерімен жақын танысып үлгерген жоқ. Дегенмен, осы жолы мүмкіндікті жіберіп алмайтындарын айтады.
«Әрине, біз басқа елдердегі түрлі фестивальдерде қазақ халық музыкасын естідік, бірақ оны егжей-тегжейлі зерттемедік. Күйлеріңізден алған алғашқы әсеріміз біз үшін ерекше. Алайда, тыңдай бастағанда, барлығын ноталар бойынша бөліп, бұл өте терең және қызықты музыка екенін түсінесің», - дейді италиялық Пьетро Маскиандаро.
Олар Ұлытауда өз халқының шынайы музыкасын паш ететінін айтты. Сол арқылы өз елдерінің тарихымен, дәстүрлерімен және философиясымен таныстырмақ.
«Музыка - әмбебап тіл. Оны аударудың қажеті жоқ, ол бәріне түсінікті. Дәл осы музыка арқылы біз Италияның өмірі - махаббат пен қуанышымызды жеткізгіміз келеді», - деп түсіндірді Пьетро Маскиандаро.





Естеріңізге сала кетейік, Jezkıik 2-інші этникалық музыка фестивалі ертең, 24 тамызда, Ұлытау ауданы, Болатсай жерінде басталады. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Оған MORESCA NOVA (Италия), CARMEN GUERRERO FLAMENCO (Испания), Serbian Abrasevic band (Сербия), Dunaj banda (Венгрия) топтары қатысады.
Сондай-ақ, сахнада қазақстандық орындаушылар да өнер көрсетеді: Айгүл Үлкенбаева, Жанғали Жүзбаев, Айгүл Қосанова, Ұлжан Байбосынова, айтыскерлер Аманжол Әлтаев және Сара Тоқтамысова, «Хассақ» этнотобы. Фестивальдің соңында Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, «Ұлытау» тобы, аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» тобы, «Алтын батыр» степ – тобы, «Алатау серілері» тобы өнер көрсетеді.
Фестиваль қонақтары үшін көшпенділердің тұрмысында дәстүрлі пайдаланылған киіз, ағаш және басқа да материалдардан жасалған бұйымдар жасау бойынша шеберлік-с абақ тар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қ азақ ұлттық тағамдары әзірленіп, ойындар өткізеді.

Жоғары қарай