Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 346.68
EUR 404.02
RUB 5.47
CNY 51.15

Ұлытауда «Жезкиік» фестивалі өтіп жатыр

2018 жылдың 13 шілде 2018 03:51 434

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлытауда «Жезкиік» І Халықаралық музыка фестивалі өтіп жатыр. Бұл ерекше музыкалық шараның қонақтары бүгін фестивальдің өтетін жеріне келіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін фестивальге қатысуға келген музыкалық ұжымдар мен ұйымдастырушылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 

«Осы секілді фестиваль сіздерде бірінші рет өткізіліп жатқанына қарамастан, ол өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жәнеде ол барлығымызды қуантады. Осыған дейін мен Орталық Азияда үш рет осы секілді фестивальдер ұйымдастырған болатынмын. Олардың барлығында қазақстандық топтар ең үздіктер қатарында болды. Сондықтан мен осы шараға басқа елдің ұжымдарын өуана алып келіп, олардың өнерін ортаға салмақшымыз, - деді фестиваль қатысушыларының менеджері Наринэ Григорян. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық музыканттар шараның облыс орталығына шалғай жерде өтетініне қарамастан, «Жезкиік» фестиваліне қатысуға зор қызығушылық танытқан екен. 
Барлық ұжымдар үшін алдын ала фестиваль бағдарламасы құрылып, таратылған. Сонымен қатар шараның өтетін жері туралы да ақпарат жіберілген. 

Барлығы фестивальге 11 музыкалық ұжымдар, 92 қатысушы келген. Олардың өнерін тамашалауға 6 мыңға жуық көрермен жиналады деп жоспарлануда. Олардың қатарында Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытаудың тұрғындарымен қатар Алматы және Астана қалаларынан арнайы қонақтар келмек. 

Фестиваль шығармашыл ұжымдардың кәсіби деңгейін көтеру және тәжірибе алмасу, фольклорлық және классикалық музыканың жаңа орындаушыларына қолдау көрсету, халық мәдениетін сақтау және дамыту, дарынды шеберлерді анықтау, жақын және алыс шетелдермен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

 

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Мәдениет,
Жоғары қарай