Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Ұлытауда өткен «Көкмайса» этнофестиваліне 6 мыңнан астам халық жиналды

2019 жылдың 18 маусым 2019 16:31 661

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ұлытау ауылының маңында өткен «Көкмайса» фестивалі аяқталды. Үш күнге ұласқан шараға еліміздің түпкір-түпкірінен 6000-нан астам адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлытау ауданында 14-16 маусым аралығында «Көкмайса» этнофестивалі өтті. Биыл ұйымдастырушылар қонақтар мен қатысушылар үшін ерекше бағдарлама дайындаған.

null 

«Біз осы жылы садақ ату, көкпар және қыз қуу сияқты ұлттық ойындарды қостық. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция да - биылғы шараның жаңалығы болды. Сонымен қатар, Жастар жылы болғандықтан, біз «Алтыбақан әуендері» мерекесін ұйымдастырдық. Фестивальге барлығы 6000-нан астам адам қатысты», - деді Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев.

null  

«Көкмайса» этнофестиваліне қонақтар бүкіл Қазақстаннан жиналды. Шараның ашылу салтанатында жиналған қауым назарына театрландырылған қойылым ұсынылды. «Едіге тау - ескі жұрт ескерткіші» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев сөз сөйледі. Сонымен қатар, конференцияға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Тілеген Садықов, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбай Бекмағанбетов, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Едіге батырды зерттеуші Кәмел Жүністегі және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Төрехан Майбас қатысты.

null 

Фестиваль бағдарламасында қолданбалы өнер бойынша байқаулар мен шеберлік сабағы болды. Қонақтар дәстүрлі түрде дайындалған қымыз мен қазақ асүйінің тағамдарынан дәм татып көрді. Сондай-ақ садақ ату, қатын күрес, аударыспақ, теңге алу, асау үйрету, мешкейлер жарысы, қымыз ішуден жарыс, көкпар, аламан бәйге және қыз қуу ұлттық жарыстары ұйымдастырылды.

null 

Фестивальдің екінші күні дәстүрлі және бард әндерінің байқауы өтті. Дәстүрлі әншілер байқауында Ардақ Мұқышев жеңімпаз атанды. Бард әндері байқауында Еркін Жабағанов жеңіске жетті.

Фестиваль соңында қонақтар мен қатысушылар Ұлытау тауларына экскурсияға аттанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Көкмайса» этнографиялық фестивалі алдағы уақытта да жыл сайын өткізіледі. Ол Қазақстанның ұлттық мәдениетін кеңінен насихаттап, көптеген туристерді тартады.



null 

null 

 



null 

null 

null 

Жоғары қарай