Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

«Ұлы далаға үлес»: Ұлттық ойындар жүлдесіне 150 жылқы тігіледі

2019 жылдың 27 сәуір 2019 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6-7 шілде күндері өтетін «Ұлы далаға үлес» атты ұлттық ойындар жарысына 150 жылқы тігіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордада елімізге оралған қандастар жаңадан құрған «Болат тұяқ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан баспасөз отырысында белгілі болды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, елорда күнінде «Болат тұяқ» қоғамдық қоры қазақтың ұлттық ойындарының бірқатар түрлерінен сайыс өткізеді.

Атап айтсақ, жарыс әуелі әр ауылдың атқамінер азаматтарының шеруінен басталмақ. Ары қарай бес түрлі қашықтықтан тұратын ат бәйгесі, некелі әйелдердің жаяу жарысы, қара жердің қайығы (түйе жарысы), көкпар тарту, қолаң шаш қазақ аруларының байқауы, алып күш иелерінің сайысы, ұлттық қолөнер бәйгесі, ат сыншыларының жарысы (әр өңірден), қыз қуу, теңге ілу, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ және тағы басқа спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Одан бөлек, киіз үй көрмесі мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі қонақтарды күтеді.

Жоғары қарай