Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

«Ұлы дала мұрагерлері» экспедициясы Ресейден құнды деректер жинастырып қайтты

2019 жылдың 24 мамыр 2019 10:52 1242

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ұлы дала мұрагерлері» экспедициясы Ресейдің бірнеше өңірінде болып, Қазақстан тарихына қатысты құнды деректер жинастырып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жорықты ұйымдастырған «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры, өлкетанушы Айболат Құрымбаевтың айтуынша, оншақты күнге созылған экспедиция  сапар барысында Астрахан, Пятигорск, Ялта, Бақшасарай қалаларында болды.

null 

Басты мақсат - Қазақстан тарихында ерекше орын алатын Бөкей хандығының өткенін түгендеу. Мысалы, Астрахан қаласында 1812 жылдан губернатор болған Степан Андреевскийдің (1760-1818) үйі бар. Бөкей хан ұлы Жәңгірді еуропаша білім алуы үшін бала кезінде осы губернатордың тәрбиесіне берген болатын.

Сондай-ақ Пятигорск қаласында Кавказда қызмет еткен, өмірінің соңғы жылдарында Кисловодск бекінісінің коменданты болған генерал С.Мерлинидің (1775-1833) жесірі Екатерина Мерлинидің үйі бар екен. Жәңгір хан Фатима ханша екеуі осы үйде аялдап, емделген.

Ал Ялтада князь Шыңғысханның (Ғұбайдолла Жәңгіровтің) үйі сақталған. Жәңгір ханның қос ұлы, полковник Ахметкерей мен қазақтан шыққан тұңғыш кавалерия генералы Ғұбайдолла Жәңгіров өмірінің соңғы жылдарын осында өткізген.

«Бақшасарайда орналасқан музейде Бөкей мен Жәңгірдің хан ретінде таққа отырған сәтінде сыйға тартылған қылыштары сақталған екен. Елге тарихи құжаттар, фотосуреттер, кітаптар әкелінді. Экспедиция нәтижесі бойынша  кітапша әзірленетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Құрымбаев.

Айта кетейік, экспедиция құрамында сондай-ақ суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бекжан Жұмабаев, қазақ ұлттық музыкалық аспаптарын жасау шебері Жанпейіл Сейтақов, «Легкий казахский» кітабының авторы Артур Нұрмұхамбет болды.

null 

null  

 

 

Жоғары қарай