Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Ұлттық тұтынушылар лигасы: Дәрілік препараттарды тексеру мүмкін емес

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская дәрілік препараттарды тексерудің қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды Қақпарат тілшісі.

«Бүгінде бізде дәрілік препараттарды тексеру мүмкін емес. Себебі зертханада тексеру үшін өндірушіге сұраныс жолдау керек. Өз кезегінде өндіруші бұдан бас тартуы мүмкін, яғни олар ақпарат бермейтінін мәлімдей алады», - деді С. Романовская ҚР Сауда және интегерация министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерімен кездесу барысында.

Сонымен қатар ол әлеуметтік дәріханаларда дәрілік препараттардың құны бойынша зерттеу жүргізілгенін атап өтті.

«Нәтижесінде, «әлеуметтік дәріхана» дегеннің стандарты жоқ екенін байқадық. «Әлеуметтік дәріхана» дегеніміз не? Біздің ойымызша, бұл тұрғыда адамдарды жаңылыстырып отыр. Егер де ол әлеуметтік болса, онда халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарымен жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар, тиісті жеңілдіктер жоқ. Сәйкесінше, бізге келіп түсетін шағымдар өте көп», - деді Светлана Романовская.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен Ұлттық тұтынушылар лигасының арасында меморандум жасалды.



Жоғары қарай