Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Ұлттық музейде Наурыздың шығу тарихы туралы қойылым көрсетілді

2019 жылдың 15 наурыз 2019 22:19 1059

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Аңыз әлемінде» атты арнайы театрландырылған қойылымдары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қойылым  Наурыздың шығу тарихы туралы ежелгі аңыздың желісімен ұйымдастырылған. Оның барысында балаларға ұлттық ойындар ойнатылып, шашу, қыздар мен жігіттердің бір-біріне селт еткізер мен ұйқыашар сыйлау, көрісу дәстүрлері көрсетіледі.

«Қойылымның мақсаты - Наурыз мерекесіне құрметпен қарауға, әлемде және Қазақстан жерінде достықты нығайтуға, ұлтаралық мәдени қарым қатынасты,  бүлдіршіндерді қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу», - делінген хабарламада.

Алғашқы күні Астана қаласының арнайы қажеттіліктері бар балалары шақырылды. Қойылымның соңында балаларға құрт, жент, тәттілер таратылды.



null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

 

Жоғары қарай