Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Ұлттық құрама информатикадан өткен Халықаралық олимпиадада 4 медаль еншіледі

2019 жылдың 10 тамыз 2019 23:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласында информатикадан 31-ші Халықаралық олимпиада мәресіне жетті. Оған қатысқан Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Информатика пәнінен 31-ші Халықаралық олимпиададағы жоғары технологиялар әлемінің жас жұлдыздарының жетістіктері жаңа ғана белгілі болды. Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Атап айтсақ, «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектері Сардарбеков Батыр - алтын, Закарин Данияр – күміс медаль иеленді. Өскемен қаласындағы дарынды ер балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Байболов Темирлан және Нұр-Сұлтан халықаралық «Spectrum» мектебінің түлегі Құрбанбаев Жан «қола» еншіледі.

Олимпиадаға әлемнің 87 елінен 325 оқушы қатысты. Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 10 тамызға белгіленген.





Ел қоржынына информатика пәнінен алғашқы екі алтын медальді қатысушылар 2007 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен халықаралық олимпиададан әкелген болатын.

Баку қаласында информатикадан 31-ші Халықаралық олимпиада 4-10 тамыз аралығында өтті.

Ел құрамасына оқушылар әдетте информатикадан республикалық олимпиада мен оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері бойынша іріктеледі. Жарыс екі турда өтеді. Бір турға бес сағат беріледі. Осы уақыт ішінде үш алгоритмдік есепті шешу және бағдарламалау қажет. Қорытынды жеке есепте шығарылады.

2020 жылы Олимпиада Сингапурда өтеді.

Басты сөздер: Әзербайжан, Қоғам, Білім,
Жоғары қарай