Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 377.86
EUR 418.74
RUB 6.10
CNY 54.50

Ұлттық банктің алтын валюта резерві 28 млрд долларды құрады

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің алтынвалюта резерві қараша айында 2,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 1 желтоқсандағы алдын ала мәлімет бойынша, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 28,7 млрд АҚШ долларын құрады. Алтын портфелі құнының төмендеуі және банктердің Ұлттық банктегі шоттарынан шетел валютасының жылыстауына байланысты алтынвалюта резервтері қарашада 2,9 пайызға немесе 842 млн АҚШ долларына төмендеді. Алайда бұл көрсеткіш Үкімет шоттарына валютаның түсуімен ішінара өтелді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаевтың айтуынша, ұлттық қордың активтері 60,5 млрд АҚШ долларын құрап, қарашада 566 млн АҚШ долларға ұлғайған.

«11 айда Ұлттық қордың активтерін басқарудан алынған инвестициялық кіріс 3,4 млрд АҚШ доллары болғанын атап өтер едім», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Ерболат Досаев Қазақстанда ұлттық валютадағы депозиттер арта бастағанын мәлім еткен еді.

Жоғары қарай