Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Ұлттық банк отандық көлікті автокредиттеу бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді

2019 жылдың 18 қазан 2019 13:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық банк отандық автоөнеркәсіпке қолдау көрсету үшін автокредиттеу бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу бағдарламасында (Ұлттық банк басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 79 қаулысымен бекітілген) жыл сайын 5 жыл ішінде (2019 – 2023 жылдар аралығында) 20 млрд теңгеге дейін бөлу көзделген.

Бұл бағдарлама шеңберінде биыл «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) 20 млрд теңге сомаға қаржыландыру алды. Алынған қаражатты ҚДБ екінші деңгейдегі банктерге жеке тұлғаларды – отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу үшін жібереді.

«Сонымен бірге Ұлттық банктің бағдарламасы бойынша автокредиттеудің жеңілдік талаптары сақталғанын атап өткен маңызды. Мәселен, сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 7,5%-ға дейін), кредиттеу мерзімі – 7 жылдан аспайды. Отандық автомобильдің құны 15 млн теңгеден аспауға тиіс», делінген хабарламада.

Жоғары қарай