Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 369.01
EUR 416.39
RUB 5.53
CNY 53.18

Ұлттық банк инфляцияға жол бермейтін шаралар қабылдады

2018 жылдың 17 қазан 2018 10:39 1119

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы инфляция 5-7 пайыздық нысаналы дәлізде қалады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттегі өзгерістердің параметрлері Ұлттық банктің келісімі бойынша ағымдағы жылы жеке макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта қарауға негізделген. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларда инфляция 3,3 пайыз болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен төмен. Қыркүйектегі жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда 6,1 пайызға дейін төмендеді. Ұлттық банктің бағалауы бойынша биылғы жылы инфляция 5-7 пайыздық мақсатты дәлізде қалады. Ал 2019 жылы ол 4-6 пайыздық жаңа төмен мақсаттық дәліздің жоғары шекарасында қалыптасуы керек», - деді ҰБ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін Ұлттық банк 15 қазанда базалық ставканы 9 пайыздан 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканың жаңа деңгейі теңге активтеріне сұранысты арттырады және қолайлы ақша-несиелік жағдайларын сақтауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, кеше Данияр Ақышев жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5-7 пайыздық нысаналы дәлізде сақталатындығы туралы айтты.

 

 

 

Жоғары қарай