Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Ұлттық алдын алу тетігінің топтары арнайы мекемедегі қамауға алынғандарға барып қайтты

2019 жылдың 14 маусым 2019 18:29 954

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық алдын алу тетігінің аймақтық топтары шеруге қатысқан адамдардың заңды құқықтарының сақталуы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелерін Бас прокуратураға жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шешімі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарының ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) аймақтық топтары таяуда өткен митингілер барысында ұсталған азаматтарды олардың заңды құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында ұстау орындарына жіберілген.

«Аймақтық топтар 20 арнайы мекемеде болды, онда Нұр-сұлтан және Алматы қалаларындағы митингтерге қатысқаны үшін 484 тұтқынға алынған азаматтармен жеке әңгімелесті.

Мониторинг барысында аталған мекемелерде тұтқындалу жағдайлары мен әкімшіліктің іс-әрекеттері туралы жалпы шағымдар түспеген. Ұстау орындарында жеткілікті дәрежеде азық-түлік, медициналық және өзге де көмек қамтамасыз етілген», делінген хабарламада.

Уәкілдің баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесулер кезінде жеке азаматтар өздерінің құқықтарын бұзу туралы, атап айтқанда қамауда ұстаудың негізділігіне, полиция бөлімдерінде болу ұзақтығына және уақытша оқшаулау орындарына жеткізілуіне, сондай-ақ заң көмегіне қол жеткізудің шектелуіне қатысты шағымданды.

«ҰАТ аймақтық топтарымен жүргізілген жұмыс ұсталған адамдардың орналасқан жері туралы туыстарын ақпараттандыруды жеделдетуге ықпал еткенін атап өткен жөн. Мониторинг нәтижелері Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау үшін Бас прокуратураға жіберілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдап, ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтады тапсырған болатын.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай