Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Үлкен қалаларға бағытталған урбанизацияны ешкім тоқтата алмайды - Нұрсұлтан Назарбаев

2019 жылдың 11 қазан 2019 22:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан билігі үлкен қалаларға бағытталған урбанизацияны басқара білуі керек. Бұл туралы «Хабар» арнасына берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парижге қараңыз. Ол қалай дамыған? Кішкене ғана Париж болды. Кейін қала шетін халық толтырды да, билік тұрғын үй кварталдарын сала бастады. Осылайша, қала өсе берді. Нью-Йорк те солай өсіп келеді. Мехикодағы 20 млн адамның жартысы қала шетінде тұрады. Кез келген қалада солай. Яғни, адам өзіне қолайлы ортаны таңдайды. Үлкен қалаларда ғылым дамиды, зауыттар мен кәсіпорындар салынады, үздік жоғары оқу орындары сонда болады. Мектептер де, мейрамханалар да үздік. Бәрі сапалы. Себебі, үлкен қалаларда ғылым мен білім қордаланады. Тиісінше, адамның мұндай қалаға тартылуы заңды. Бұл урбанизацияны ешкім тоқтата алмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуына қарағанда, бұл урбанизацияны басқарып үйрену керек.

«Мәселен, астанада да, Алматыда да сондай мәселелер бар. Сондықтан, қаласақ та, қаламасақ та үлкен миллион халқы бар қалалар бәрібір болады. Талдаушылар мен сарапшылар бәрі бір ауыздан «әлемді миллион халқы бар қалалар басқарады» деген пікірде. Болжам бойынша, миллион халқы бар 600 қала бар делінеді. Ол шаһарларда ғылым мен білім шыңдалады. Мәдениет дамиды. Миллион халқы бар қаланы өлмес қалалар деп атайды. Неге? Себебі, дағдарыс кезінде де онда жұмыс күші бар. Үлкен қалалар өнім шығарып сатса, сатып алушылар да табылады. Яғни, қала өз-өзін қамти алады», - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматының халқы 2 млн адамға тақап қалғанын, елордада 1,25 млн адам екенін, Шымкенттің 1 млн халқы барын еске салды.

«Жарты миллион халқы бар Қарағанды, Ақтөбе секілді қалалар да жыл санап өсіп келеді», - деді ол.

Жоғары қарай