Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Үлкен Алматы шыңына шыққан екі адам адасып кетті

2019 жылдың 1 тамыз 2019 19:32

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы құтқару қызметі Үлкен Алматы шыңында адасып кеткен екі адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше таңғы 6:30-да қалалық құтқару қызметіне шұғыл қоңырау түсті.

Әйел адам хабарласып, екі танысының тауда серуендеп жүріп адасып кеткенін айтқан.




«Соңғы рет олар түнгі 03.00 шамасында таныс әйелге хабарласып, адасып, жол таба алмай жатқанын айтқан. Оқиға орнына құтқару экипажы шықты. Діттеген жерге жеткен соң құтқарушылар екіге бөлініп, іздеуге кірісті. Күндіз 12:25-те Аюсай шатқалынанн адасып жүрген екі ер адам табылды. 29 және 32 жастағы ер адамдар Үлкен Алматы шыңына өрмелеп шығып, қайтарда қараңғы түсіп кеткен соң жүрген жолынан жаңылып қалған. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Екеуін де құтқарушылар қауіпсіз жерге жеткізді», - деді құтқару қызметінен.





Жоғары қарай