Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Ұландықтар Талдықорған тұрғындарын өрттен құтқарып, бұзақыларды ұстады

2019 жылдың 23 наурыз 2019 01:12 628

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Ұлттық ұлан 5514 әскери бөлімінің сарбаздары өртенген үйден 16 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сарбаздар медициналық жедел жәрдем, өрт сөндірушілер және ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенше өрт шыққан үйден адамдарды өздері құтқаруға кіріскен.

Оқиға 20 наурыз күні Қабанбай батыр көшесіндегі №66 үйде болған. Тұрғын үйдің бірінші қабатынан шыққан жалынды қызметтегі үш сарбаз Данияр Халимов, Ризабек Олжин және Сәт Комшабай алғашқы болып көрген.



null
«Олар бірден өздерінің басшылық кезекшісіне, медициналық жедел жәрдемге және өрт сөндіру қызметіне хабар берді. Ұлттық ұланның барлығы 13 әскери қызметшісі азаматтарға көмекке келді. Медициналық жедел жәрдем,  өрт сөндірушілер және ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенше, әскери наряд күшімен 16 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.

Сондай-ақ дәл осы күні көшеде жаппай төбелес болған. Ұлттық ұлан сарбаздарын байқаған бұзақылар жан-жаққа қаша жөнелген. Дегенмен, әскери наряд жасағы 5 адамды ұстап, қалалық Батыс полиция бөліміне төбелестің себебін анықтау және бұзақылық әрекеттер бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін жеткізген.

 

 

Жоғары қарай