Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

Ұланбатырда Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланды

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 12:08

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Ұланбатырда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Моңғолиядағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға Моңғолия Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, Ұланбатырда аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың басшылары, көрнекті қоғамдық қайраткерлер, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қазақ диаспорасының және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

«Шараны ашқан елші Жалғас Әділбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері мен оның бай мұрасы жөнінде баяндады. Елші сондай-ақ, Қазақстан өзінің көпжақты және бейбіт сыртқы саясатымен, саяси тұрақтылығымен, халықтар достығымен және қарқынды дамып жатқан экономикасымен әлемге әйгілі екенін атап өтті» делінген хабарламада.




Жалғас Әділбаев екіжақты ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпіліс берген Моңғолияның Премьер-Министрі У.Хүрэлсүхтің Қазақстанға ресми сапарын ерекше атап өтті.




Бас қонақ ретінде қатысқан Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Д.Цогтбаатар өз сөзінде қазақстандық-моңғол қатынастарының дамуына және Қазақстанның халықаралық сахнадағы тың бастамаларының жүзеге асырылуын жоғары бағалады. Сөз соңында Моңғолияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы екі мемлекеттің арасындағы қатынастардың одан әрі жан-жақты дамуына сенім білдірді.

Меймандардың назарына Қазақстан туралы бейнефильм мен фотокөрме, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері орындауында ұлттық әуендер ұсынылды.




Жоғары қарай