Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Үкімет отырысы: Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау аяқталды

2017 жылдың 23 қазан 2017 11:20 1392

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау науқаны толықтай аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында АӨК-ні дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаны орындаудың биылғы қорытындысы бойынша баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталды, гектарына орташа 14,3 центнер өнімділікпен 21,9 млн тонна астық жиналды. Жинау қарқыны былтырғы жылдан 1,1 млн гектарға жоғары болды. 3,4 млн тонна арпа жиналды, бұл Бағдарламаның индикаторынан 600 мың тоннаға жоғары (жоспар 2,8 млн. тонна)», - деді бірінші вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, майлы дақылдардың 2 млн гектары немесе 80 пайыз алқабы жиналды. Жинау қарқыны өткен жылдан 636 мың гектарға жоғары. 1,9 млн тонна майлы тұқымдар жиналды, бұл жылдық жоспарға сәйкес болып тұр (жоспар 1,9 млн. тонна).

«Сонымен қатар 5,5 млн тонна көкөніс пен бақша өнімдері жиналды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 127 мың тоннаға жоғары. Қант қызылшасын жинау жалғасуда, өнімнің өсімі 1,5 есе деңгейінде күтілуде», - деді Айтуғанов.

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай