Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Үкімет мүшелері Талдықорғандағы студент үйінің құрылысымен танысты

2019 жылдың 17 сәуір 2019 17:18 1112

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында іс-сапармен жүрген Үкімет мүшелері студенттер үйінің құрылысымен танысты. Талдықорғанда салынып жатқан нысан қазан айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

288 орындық жатақханада  колледж студенттері тұратын болады. Бір бөлме үш студентке лайықталған. Сондай-ақ Гүлшара Әбдіхалықова бастаған топ  балалар хирургиялық орталығын да  аралады. Жыл басынан бері онда 400 ге жуық күрделі ота жасалған. Жұмыс тобы еліміздегі ең ірі өндіріс орнында да болды. Электр станцияларын шығаратын зауытта қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпорын басшыларымен жүздесті. Басқосуда кәсіпкерлердің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіне баса назар аударылды. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға қарайласу қажеттігі айтылды.

«Алматы облысы баяғыдан аграрлы аймақ болып есептелетін, енді аграрлы индустриалды өңір болды. Өткен жылы 880 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, биыл 1 трлн теңгенің тауары шығарылады деп жоспарлап, 25 мың адамды жұмыспен қамтимыз», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Үкімет мүшелеріне қарата айтқан сөзінде. 

Өңірдегі 43 кәсіпорында 740 көпбалалы ана жұмыс істейді. Солардың 500 ден астамын баспанамен қамту керек. Осы орайда жаны жомарт қайырымды жандардың тәжірбиесі үлгі ретінде айтылды. Облыста өндірілген өнім көлемінің артатындығы да сөз болды.



null 

 

Жоғары қарай