Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Үкімет басшысы: Зауыттарды қант қызылшасына көшіруге уақыт керек

2017 жылдың 29 қараша 2017 19:34 1319

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП төралқасының кеңейтілген отырысында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елімізді қантпен қамтамасыз ету жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министр бүгінгі күнге дейін қант құрағын сатып алуды доғару керектігі жайында мәселе көтерілгенін,  алайда ҚР Үкіметі бұл бағытта қарсылық танытып отырғанын атап өтті. Себебі еліміздегі зауыттар бірден толықтай қант қызылшасын өңдеуге көшуге дайын емес.

«Біздің зауыттарды жаңғырту керек екені мәлім, яғни ондағы жабдықтарды қант қызылшасын өңдеуге қайтадан жаңарту қажет. Бұл өз кезегінде белгілі бір уақытты талап етеді. Жақында Ақсу қант зауаты іске қосылды. Осы орайда Жамбыл және Алматы облыстарында қант қызылшасын ауқымды көлемде өсіруге бетбұрыс жасалды. Алдымен біз шикізат пен жабдықтар бойынша жұмыстар жасап, тек содан кейін ғана зауыттарда қызылшаны өңдеуге көшуге тиістіміз», - деді.

Бұл тұрғыда Б. Сағынтаев жоспарлы уақыттың ішінде өніммен толықтай өзімізді қамтамасыз ете алатынымызды атап өтті.

«Кейбір бағыттар бойынша мерзімінен бұрын ауысатын болсақ,  біздің нарықты сол ресейлік тауарлардың өзі басып алу мүмкін екенін түсінуіміз керек. Мұндай жағдайда кейіннен ешкім де жаңғыртуға назар аудармайтын болады, себебі өнім ол кезде бәсекеге қабілеттіліктен айырылады»,- деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл егіс алқаптарын әртараптандыру елімізде қант өндірісін бір жарым есеге арттыруға мүмкіндік беретіні айтылған еді

Айта кетейік, жалпы Қазақстанда қант қажеттілігі 500 мың тоннаны құрайды. Қанттың 90 пайызы қант құрағынан өндіріледі және ол нөлдік бажбен импортталады. Бұл норма елімізде 2019 жылға дейін күшінде болады. Сәйкесінше, қанттың 10 пайызы қызылшадан өндіріледі. ҚР АШМ импортталатын шикізат көлемін төмендетуді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай