Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Үкімет азаматтық авиацияны жер салығынан босатты

2020 жылдың 19 мамыр 2020 09:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, азаматтық авиацияны қолдау үшін осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау мақсатында ұшақтарға қосалқы бөлшектерді импорттауда уақытша қосылған құн салығынан босату ұсынылады.

«Сондай-ақ әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Одан басқа, резидент еместер авиация саласындағы техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтерге қосылған құн салығын төлемейді», - деді Руслан Дәленов.


Жоғары қарай