Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Уханьда ұшаққа жіберілмеген қазақстандық студенттен коронавирус табылған жоқ

2020 жылдың 27 ақпан 2020 15:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Уханьда ұшаққа жіберілмеген қазақстандық студенттен коронавирус табылған жоқ. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Сыртқы істер министрлігінен келген ақпаратқа сәйкес, дене қызуына байланысты Ухань әуежайында ұшаққа жіберілмеген студент қызымызға қатысты ақпарат түсті. Оған бірнеше зерттеу жүргізіліп, мониторинг жасалған. Одан вирус табылған жоқ. Оның дені сау. Бұл өте жақсы жаңалық», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Украина әуе желілері ұшағымен Қытайдың Ухань қаласынан елімізге жеткізілуі тиіс студент қыздың бортқа жіберілмегендігін айтқан болатын.

«Екінші студент қыз да осы рейспен ұшып келуі тиіс еді. Бірақ, ұшаққа отырғызар сәтте оның дене қызуы 37 градус екендігі анықталды және Қытай билігі оны бортқа жібермеді. Себебі бұл Қытай билігі тарапының стандартты шарасы саналады. Әзірше, ол Ухань қаласында. Біз оның денсаулығын қадағалап отырамыз», - деген еді министрлік өкілі.


Жоғары қарай