Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

UFC-ге алғаш қатысқан қазақ ел намысын қорғайды

2019 жылдың 20 маусым 2019 16:22 1996

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен (ММА) бірнеше дүркін Қытай чемпионы атанған спортшысы Жұмабек Тұрсын Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тянь-Шань барысы» лақап атымен халқаралық ММА бәсекелерінде өнер көрсетіп жүрген қандасымыз,  22 маусым күні Бейжің қаласында өтетін «Kunlun Fight» ММА кешінде өнер көрсетеді.

Спортшының бапкері Алмас Тұраровтың айтуынша, Жұмабек жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған. Енді ол тарихи Отаны атынан жарысқа шықпақ. Оның қарсыласы қытайлық спортшы Яо Хоңгаң.


null 

«Жұмабек қарсыласын осыдан 10 жыл бұрын екі рет жеңіп, чемпион атанған болатын. Бұл жолы ол қарсыласының үшінші жекпе-жекке шақыруын қабыл алды. Жұмабек-Яо Хоңгаң айқасы кештің басты жекпе-жегі болмақ»-, дейді бапкер ҚазАқпарат тілшісіне.

Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын Қытайда туған ұлты қазақ ММА спорт шебері. Ол 2005 жылы спорттық мансабын күрестен бастап, 2009 жылы ММА-ға ауысты. Осыдан кейін, қандасымыз 5 жылда 15 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетті. Ал 2014 жылы Жұмабек UFC-де 3 жекпе-жек өткізіп, өкінішке орай барлығында жеңіліп қалған болатын. 



null 

 

Автор Мұхтар Қалимоллаұлы
Басты сөздер: Қандастар, Спорт,
Жоғары қарай