Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

УЕФА Еуро-2020 жеребесінің қоржындарын бекітті

2019 жылдың 20 қараша 2019 20:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жеребе тарту үшін қоржындардың құрамын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресей мен Дания құрамалары турнир қожайындары ретінде бірден Еуропа чемпионатынның В тобында ойын өткізеді. Финалдық кезең жеребесінің құрамы командалардың біліктілік турнирінің нәтижелері бойынша анықталды. Бельгия құрамасы (бельгиялықтар барлық іріктеу ойындарын жеңіп алды) Еуропа чемпионатының қожайындары Италия, Англия, Испания, Украина және Германия командаларымен бірге бірінші қоржынға түсті. Ресей мен Украина құрамалары жеребе тастау арқылы бөлінеді, сондықтан Бельгия құрамасы автоматты түрде Ресей командасының құрамына енеді.

Екінші қоржында Ресей құрамасынан бөлек, Франция, Польша, Швейцария, Хорватия мен Нидерланд құрамалары бар. Үшінші қоржынға даниялықтар, португалдар, түріктер, австриялықтар, шведтер мен чехтер түсті. Төртінші қоржынға Уэльс және Финляндия командалары кірді, оның құрамына Ұлттар Лигасының өкілдері арасындағы плей-офф жеңімпаздарының төртеуі қосылады.

Айта кеткен жөн, Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің жеребесі 30 қарашада Бухаресте тартылады.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай