Ауа райы
Нұр-Сұлтан 4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
CNY 56.33

Уақыт адам есейген сайын неліктен жылдам өтеді? - Әлемдік баспасөзге шолу

2019 жылдың 24 наурыз 2019 11:00 1674

«ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Азияда ауаның ластануына қарсы күресті күшейту керек - Daily Mail



null Бүкіл Азия елдерінің билігі ауа мен судың ластануына қарсы түрлі шараларды қолға алып жатыр, ал жеке компаниялар тек пайда табуды ойлауда. Daily Mail басылымының жазуынша, Азиядағы миллиондаған халық ауа ластануының зардабын тартуда.
«Билік ауаны тазартатын, судың сапасын арттыратын құрылғыларды пайдалануға тырысса, жеке компания өкілдері өкпені тазартатын шай мен консервіленген ауа сатып баюды көздеп отыр», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауаның ластануы Азия - Тынық мұхиты елдері халқының 92 пайызына кері әсерін тигізетінін мәлімдеген.
«Әлемдегі ең ластанған қала Нью-Делидің билігі 2017 жылы тікұшақпен қалаға су себуді ойластырған еді. Бірақ қаладағы түтіннен ештеңе көрінбегендіктен, бұл жоба жүзеге аспады», деп жазады автор. Оның айтуынша, Оңтүстік Корея билігі де ауа ластануымен күресу үшін жасанды жауын шашын шақыруға тырысып көрген. Ал Солтүстік Қытайдағы Сиань қаласында өте үлкен ауа тазалайтын құрылғы орнатылған.
«Гонконга биыл ауа тазалайтын жүйемен жабдықталған 3,7-километрлік туннель ашылды. Ол ауаны өңдеп шығаратын әлемдегі ең үлкен туннель саналады. Ал Нью Дели былтыр автобус төбелеріне ауа тазалайтын құрылғы орнатты. Қытайдағы өте лас қалаларда тұратын халық көбіне қыс кезінде басқа жаққа кетіп қалады. Шанхай мен Бейжіңнің миллионнан астам тұрғындары жыл сайын ауадағы түтін кесірінен басқа мемлекеттерге кетуге мәжбүр болады», - деп жазады автор.
Автордың жазуынша, бұл проблеманы байқаған кәсіпкерлер консервіленген ауа сатуға көшкен.
«Кәсіпкерлер Канада, Жаңа Зеландия мен Аустралия немесе Швейцарияның 8 литрлік консервіленген ауасын 22 долларға сатып жатыр. Ал Ұлыбритания ауылынан әкелінген ауа тіпті 125 доллар тұрады. Бұл ауа ластануға қарсы көмектесе алмайтыны анық», деп жазады автор.

Адам есейген сайын уақыт неге жылдам өтеді? - European Review



null «Біз есейген сайын уақыт зырғып, жылдам өтіп жатады. Ғалымдардың айтуынша, бұған адам миының қартаюы әсер етеді», деп жазады European Review басылымы.
Зерттеушілердің айтуынша, адам есейген сайын ақпаратты өңдеу үшін ми көп уақытты қажет етеді. Ал жастық шақта ми кез келген жаңа ақпаратты жылдам қабылдайды және аз уақыттың ішінде өңдей алады. Сол себепті адамға жас кезде уақыт баяу өтетіндей көрінеді.
«АҚШ-тағы Дьюк университеті ғалымдары жүйке жүйесі мен нейрондардың уақытты қабылдауына қатысты зерттеу жүргізген. Зерттеу авторы Эдриан Бежанның айтуынша, адамдар жас кезінде уақытым баяу өтіп жатыр деп ойлайды және сол күндер туралы ұмытпайды. Бұл олардың сол кездегі сезімі мен қабылдауының маңызды болғанын білдірмейді. Бұл жас кезде ақпараттың жылдам өңделгенін және қабылданғанын ғана көрсетеді», деп жазады автор.

Қытай жасанды интеллект саласында Американы басып озуы мүмкін - Verge



null 2017 жылы Қытай 2030 жылға дейін жасанды интеллект саласында көшбасшыға айналуға арналған жоспарын таныстырған болатын. Verge басылымының жазуынша, қазірдің өзінде Қытай бұл жоспардың орындалуына бір табан жақын тұр. Автордың айтуынша, Қытай ғалымдары ғылыми мақала бойынша америкалық ғалымдарды басып озған.
«Соңғы жүргізілген зерттеулерге сенсек, Қытай ғалымдарының жасанды интеллект туралы жазылған ғылыми мақалалары Америка зерттеушілерінен көп. Ал АҚШ жасанды интеллект бойынша әлемде бірінші орында тұр. Дегенмен, Қытай үкіметінің білім мен өндіріске құйған инвестициясы өз жемісін көрсете бастады», деп жазады автор. Дегенмен, Сиэтл Институты мамандарының айтуынша, мақала санына ғана емес, оның цитаталанған деңгейіне де мән беру керек.
«2 миллионнан астам мақалаларды сараптай келе Аллен институты Қытай жасанды интьеллек саласында Американы басып озатынын айтты», деп жазады басылым.

Брексит уақыты үш аптаға шегерілді - The Economist



null Тереза Мэй Британияның Еуропа одағынан шығатын уақыт созуға қол жеткізді. Дегенмен, The Economist басылымының жазуынша, екі аптадан кейін Брексит қатаң талаптармен жүзеге асуы мүмкін.
«Тереза Мэй Еуропалық Кеңеске келіп, Брексит уақытын 30 маусымға дейін созғызуға тырысты. Дегенмен, Еуроодақ көшбасшылары оған қарсы болып, 22 мамырға дейін уақыт берді», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бұл уақытты бекіту үшін келесі аптадағы дауыс беру кезінде парламент жоспарды бекітіп беруі керек. Егер парламент бас тартса, Брексит 12 сәуірге қалады.
«Еуроодақ көшбасшылары Брексит уақытын ұзақ уақытқа созу үшін Британия Еуропарламенттегі сайлауды өткізу керектігін айтты», деп жазады басылым. Дегенмен, Тереза Мэйдің бұған келісе қоюы екіталай.
«Уақыт аз қалды. Ал Мэй еуропалық сайлауға қатысуға қарсы болып отыр. Яғни, Брексит еш келісімсіз жүзеге асуы мүмкін. Бұл жағдай Британияны Еуроодақтан шығарғанымен, оның салдары мемлекетті құлдыратып жіберуі мүмкін», деп жазады автор.

Автор: Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, БАҚ,
Жоғары қарай